17
май
2024
5, 6, 7 сыныптар арасында "Буккроссник" іс - шарасы өткізілді.
Буккроссник (Ағылшын тілінде " кітаптың айналыста жүруі" ) - "Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет" қағидасында негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық айналыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез - келген адам өзі оқып бітірген кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кітапхана және т.б) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа катысушыларды - "буккроссерлер" деп атайды."Буккроссник" идеясын ең алғаш рет АҚШ- та интернет- технолог маманы Рон Хорнбеккер 2001 жылы ұсынған. 5,7,9 сынып арасында "Буккроссник іс - шарасы" өткізілді.