30
ноябрь
2023
"Имандылық жарасады ұл-қызға" тақырыбында тәрбие сағатын өтті
«Тура биде туған жоқ, туысты биде иман жоқ» деп, халық иманды адамның әділетті, шыншыл болатынын уағыздайды. Халқымыздың қонақжайлылығы, кеңпейілдігі, көпшілдігі, дос көңілдігі - әлеуметтік имандылықтың белгісі. Имандылық дәстүрін қастерлей біліп, иманды адам болу - кісілік борыш. Иманы кәміл адам мейірімді болады. Мейірімділік – адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адамдардың бір - біріне деген мейір - шапағат - әдептік әсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы. Халқымыз ұрпағын мейірімділікке тәрбиелеп, қатыгездіктен қашып, қаталдықтан сақтандырып отырған. Еліміз ер азаматтарын мейірімді болса екен деген аттармен атап, жастарды үнемі мейірімділікке баураған. Балаларымыздың мейірлі болу - өз халқын сүю, бірлікшіл болу екенін уағыздайды. «Үлкен адамның сөзін тыңдай біл» деп өсиет айтқан ата – бабамыз мейірімділік негізі – сыйласым екенін дәл көрсетеді. Осы мақсатта 6 "Б" сыныбының ата-аналары Нысанбаева Жұлдыз,
Қоңырбайқызы Бақыт "Имандылық жарасады ұл-қызға" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
