"Мейрімділік" челенджі ұйымдастырылды. » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қала бойынша қыс мезгілінде қалың жауған қардан тазарту жұмыстары қызу жүріп жатқаны бәрімізге мәлім.Осыған орай мектеп-гимназиямыздың өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері мен Жас Ұлан ұйымы мүшелері және ата-аналардың қолдауымен "Жақсылық" жобасы аясында ЖШС "Жасыл ел" коммуналдық мемлекеттік қызметкерлеріне "Мейрімділік " челенджі ұйымдастырылды. Оқушылар қар күреп көмектесті, ыстық шай ұсынып, тәтті бәліштерін беріп, алғыс айтты.