23
ноябрь
2022
Пікірсайыс өркениетті демократиялық қоғамда
Қазіргі егеменді еліміздің ағарту жүйесінің мақсаты - өркениетті елдермен деңгейлес дамуымызға мүмкіндік беретін жаңа ағарту жүйесін қалыптастыру. Ол үшін оқу-тәрбие үрдісін жаңартып, оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды қолданып, оқытушы мен оқушылардың шығармашылық әрекетін дамыту, арттыру қажеттілігі туып отыр.
Оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытуда дебат технологиясының берері мол. Себебі сын тұрғысынан ойлау - сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Бұл технологияның негізінде оқушылар топпен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ұтымды жауаптарды тауып айтуға үйренеді, іздене отырып, өз ойын айтуға, дәлелдеуге мүмкіндік алады. Топпен бірігіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені шешу секілді жағымды қасиеттерді дамытады.
Пікірсайыс өркениетті демократиялық қоғамда, тәуелсіздікке және басқа да дағдыларға шыңдайды. Пікірсайыс құндылықтарының бірі сыни тұрғыдан ойлауды дамыту проблеманы жан-жақты қарастыру ойды логикалық құру болып табылады.
