07
октябрь
2022
Мектеп Президенті сайланды
Балалар жылы аясында өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиетін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақстында, мектеп парламентінің Президенті мен фракция мүшелерін ұлықтау рәсімі өткізілді. Мектеп Президенті болып 9 "А" сынып оқушысы Бақыт Іңкәр сайланды. Бақыт абыройлы ісімен, мектеп дәрежесін биіктетеді деген сеніммен, алға қойған мақсаттарына қол жеткізеді деген үмітпен сәттілік тіледік.