23
декабрь
2021
Бүгінгі түлек, ертеңгі тірек
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектеп-гимназияда «Бүгінгі түлек, ертеңгі тірек» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Аталған кездесу кешіне мектеп-гимназиядан түлеп ұшқан, бүгінде еліміздің әр саласында жетістікке жеткен түлектердің өмір жолын оқушыларға насихаттау, әрүрлі әлеуметтік мәселелерді біріккен түрде шешу бойынша шаралар қабылдауға тарту, елімізге белгілі түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу кешінің қонақтары Жолшыбеков Нұрлан Мұратұлы, Бекболат Жомарт Серікұлы, Огобаев Замирбек Саткиналиевич келді. Кездесу кешін қонақтарына «Мектеп-гимназия жылнамасы» атты бейнефильм көрсетіліп, оқушылар тарапынан сұрақтар қойылды.






