11 - сынып ата-аналарына хабарландыру!
«
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы
№49 мектеп-гимназиясы» КММ
080004,Тараз қаласы, «Аса» мөлтек ауданы, 27А үй, тел: 54-34-89, эл.почта: asa49@mail.ru
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
Ы.Алтынсарин атындағы
№49 мектеп-гимназиясы» КММ-нің
11 сынып ата-аналарына
мектеп-гимназия әкімшілігінен
Құрметті ата-аналар!
Бүгінгі күні әлеуметтік желілерде 11 сынып оқушыларының ата-аналары немесе оның туыстары «мектепке» шамамен 60-80 мың көлемінде ақша жинап жатырмыз деген мәселелерді жиі көтеруде.
Мектеп мұғалімдеріне, емтихандарға ақша жиналмайды! Емтихандарға ақша жинамау туралы сынып жетекшілеріне қатаң түрде ескертілді. Егер мұндай жағдай орын алатын болса, сынып жетекшілері жазаланады.
Мектеп бітірушілер дәстүр бойынша 25 мамыр күні «Соңғы қоңырау» мерекелік іс-шарасына қатысады, мемлекеттік емтихандарын тапсырып біткен соң оқушыларға орта білім туралы аттестат салтанатты түрде мектептің акт залында тапсырылады және бұл іс-шараларға қаражат қажет етілмейді.
Дегенімен, ата-аналар арасында балалардың орта мектепті бітіруін мектептен тыс жерлерде, яғни ресторандарда атап өту дәстүрге айналған. Бұл мәселе бойынша өткен оқу жылдарында да ата-аналармен жұмыс жүргізіліп,
«көп қаражат шығарып баланың мектеп бітіруін ресторанда атап өтудің қажеттілігі бар ма» деген сұрақ қойылған болатын. Ата-аналардың негізгі тобы «оқушы мектеп бітірді, аттестатын алды, әрі қарай өзіміз жауап береміз, ресторанға бармайтын оқушыларды қинамаймыз» деген пікірде.
Расында, мектеп бітірушілердің соңғы қоңырауға киіп шығатын көйлектеріне (мектеп әкімшілігі арнайы көйлек тіктіруге қарсы, бірақ оқушылар мектеп формамыз ескіріп кетті, ал тіктірген киімді әрі қарай күнделікті киеміз деп уәж айтады), мектеп бітіру салтанатына арналған мерекелік кешіне (банкет), сол іс-шараларға киетін киімдеріне, шаш үлгілеріне кететін шығынды есептесек, әрине, қомақты қаржы жиналады.
Осыған орай, Сіздерден өз балаларыңыздың қажеттілігіне өздеріңіз жинайтын қаржыны «мектепке» жинап жатырмыз деп шатастырмауларыңызды сұранамыз.
11.04.2019 жыл