16
май
2024
Психолог Р. Далабаева "Мектептегі стопбуллинг" тақырыбында тренинг өткізді.
"Қауіпсіз орта - бақытты балалық шақ" атты ақпараттық семинардың аясында 7 сынып оқушылары мен мектеп психологы Р. Далабаева және мектептегі басқару ұйымындағы бала құқығын қорғау өкілі М. Ермекбайдың ұйымдастыруымен "Мектептегі стопбуллинг" ақпараттық сессия тренинг элементтерімен қоса өткізілді. Ақпараттық сессия барысында бала өкілі М.Ермекбай "Мектептегі стопбуллинг" тақырыбындағы бейнероликті оқушыларға ұсына отырып, стопбуллинг, оны шешудің жолдары туралы толық ақпарат берді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауаптар алды.
