01
сентябрь
2022
Президент Жолдауы ұлт сапасы үшін маңызды
Президент Жолдауы ұлт сапасы үшін маңызды
1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар еліміздің тарихында, жаңа бір саяси ахуал орын алып отырғаны баршамызға белгілі. Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел Президентінің Жолдауы 2022-2023 жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі, әрбір азаматтың ерекше назарын аударды. Мемлекет басшысы, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің әлеуметтік дамуына, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға, әсіресе, ұлт сапасын жақсарту ісінде білім беру жүйесінің маңыздылығына басты назар аудару керектігін айқындап берді.
Бүгінгі ел Президентінің Жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей. Сондай-ақ, мемлекет басшысы өз жолдауында жаһандық ғылыми-техникалық даму барысын ескеріп, жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика пәндерін және ағылшын тілін оқытуды барынша күшейту маңыздылығын айқындап берді. Қазіргідей жаңарған жаңа заманда еліміздің әрбір азаматы жоғары білім мен табанды еңбектің нәтижесінде ғана биік белестерден көрінетінін, күшіміз білімде екенін ашық жеткізді.
22