"Ауғаныстан- біздің жадымызда" тақырыбында әңгіме өткізілді.
15 ақпан-Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылған күніне орай "Ауғаныстан- біздің жадымызда" тақырыбында әңгіме өткізілді. Сұлтанов Жұмаділ ағай кітапханада оқырмандармен ой бөлісіп, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды. 10 "В" сынып оқушыларымен бірлесіп өткізілді. Ауған соғысы жауынгерлерінің ерліктері туралы баяндалып "Ауған соғысының жаңғырығы" кітап көрмесі ұйымдастырылды.